date

АҚШ «Лукойл» активтерін сатуға рұқсатты ұзартты

АҚШ «Лукойл» активтері саудасына рұқсатты ұзартты

АҚШ Қаржы министрлігінің Шетел активтерін бақылау басқармасы (OFAC) «Лукойл» компаниясының шетелдегі активтерін сату үшін берілген лицензияны 2026 жылғы 17 қаңтарға дейін ұзартты. Бұл жөнінде басқарманың ресми веб-сайтында хабарланды.

Аталған лицензия «Lukоil International GmbH» (LIG) — компанияның шетелдік активтері мен оның еншілес құрылымдарына тиесілі мүліктерді сату бойынша келіссөздер жүргізу және келісімшарттар жасау құқығын береді. Сонымен қатар, OFAC бұл құрылымдардың келісімшарттарына қызмет көрсету, оның ішінде LIG-тің бұғатталған шоттарын қолдануға рұқсат беретін құжаттың әрекет мерзімін де ұзартқан.

Еске салсақ, «Лукойл» осы жылдың 22 қазанында АҚШ-тың санкциялар тізіміне енгізілген еді. Желтоқсан айында компания шетелдегі активтерін сату үшін уақытша лицензия алған болатын.

Бұған дейін АҚШ Қаржы министрлігі компанияға шетелдегі жанармай құю станцияларын техникалық қызмет көрсету және жабу бойынша операцияларды 2026 жылдың сәуір айының соңына дейін жүзеге асыруға рұқсат берген еді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Әлем » АҚШ «Лукойл» активтерін сатуға рұқсатты ұзартты