date

Porsche табысы шамамен 96% азайды

Porsche табысы шамамен 96% төмендеді
Германияның автокөлік өндіруші Porsche компаниясының үстіміздегі жылдың тоғыз айы ішінде тапқан пайдасы өткен жылдың осы кезеңіне қарағанда шамамен 96%-ға төмендеп, бар болғаны 114 миллион еуроны құрады. Тек үшінші тоқсанда компания шығынға ұшырап, жоғалтулар 967 миллион еуроға жетті.

Операциялық пайда өткен жылғы шамамен 4 миллиард еуродан 40 миллион еуроға дейін түсіп, дерлік 99%-ға азайды. Компанияның табысы да 6%-ға қысқарып, 26,9 миллиард еуроны құрады.

Талдаушылардың пікірінше, бұл дағдарыс Porsche стратегиясын қайта қарауымен байланысты. Басшылық электромобильдер мен аккумуляторлар өндіру бағытындағы ауқымды жоспарларынан бас тартты.

Жаңа электр үлгілерін өндіру мерзімі кейінге шегеріліп, инвестициялар негізінен ішкі жану қозғалтқышы бар дәстүрлі автокөліктерге бағытталды. Тек осы жылдың өзінде стратегияны қайта құруға 3,1 миллиард еуро жұмсалады.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Авто » Porsche табысы шамамен 96% азайды