date

Жүргізуші емтихандары ережелері өзгереді


2026 жылғы 1 ақпаннан бастап “A” және “B” санатындағы жүргізуші куәлігін алғысы келетін азаматтар үшін автомектептерде міндетті курстарды өту талабы алып тасталады. Бұл туралы UzA хабарлады.

Ендігі жерде теориялық білімді өздігінен үйреніп, емтихан тапсыруға болады. Жол қозғалысы қауіпсіздігі қызметі жанындағы оқу топтарын тіркеу тәртібі де алып тасталады.

Бұл өз кезегінде оқу үдерісін жеңілдету мен қолайлы етуге қызмет етеді. Сондай-ақ, 2026 жылғы 1 сәуірден бастап камералар арқылы тіркелген ереже бұзушылықтар үшін айыппұл балдары есептеледі.

Енді бұл балдар автокөлік иесі және сенімхат, сақтандыру немесе жол парағы негізінде көлік құралын пайдаланған басқа жүргізушілер арасында бөлінуі мүмкін.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Авто » Жүргізуші емтихандары ережелері өзгереді