
2025 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Өзбекстан 29 елден 56,3 мың жеңіл автокөлік импорттады. Жалпы құны 807,3 миллион АҚШ долларына тең бұл импорт өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,9 мың автокөлікке артық, деп хабарлады Мемлекеттік статистика комитеті.
Ең көп автокөлік Қытайдан әкелінген — 51,8 мың дана. Одан кейін Оңтүстік Корея (2,5 мың), АҚШ (511), Жапония (296) және Германия (265) орналасқан.
Сондай-ақ, автокөліктер Гонконг, Ресей, Үндістан, БАӘ және Аустриядан да импортталған. Бірақ бұл елдерден әкелінген автокөліктер саны 250 данадан аз болған.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз Тақырыпқа қатысты жаңалықтар