date

Tesla Қытайда AI дауыстық көмекшісін тіркеді

Tesla Қытайда AI дауыстық көмекшісін тіркеді

Tesla компаниясы Қытайда генеративті жасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін дауыстық көмекші функциясын ресми түрде тіркеді.

Шанхайдың ақпараты бойынша, бұл технология Қытай киберкеңістігін басқару басқармасы бекіткен 158 жасанды интеллект қолданбасының қатарына енді.

Бұл қадам Tesla тарапынан Қытай автокөлік нарығындағы бәсекеде өз позициясын нығайту мақсатында жасалды. Себебі жергілікті өндірушілер өз көліктеріне АІ жүйелерін енгізіп үлгерген.

Бұған дейін компания Қытай нарығындағы ұстанымын күшейту үшін DeepSeek және ByteDance-тің Doubao АІ жүйелерін де өз модельдеріне интеграциялауды жоспарлап отырғаны туралы хабарлар таралған еді.

Бұл стратегия Tesla автокөліктерін жергілікті тұтынушылар үшін одан әрі ыңғайлы және тартымды етуге бағытталған.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Авто » Tesla Қытайда AI дауыстық көмекшісін тіркеді

Ең көп оқылғандар Авто жаңалықтары