
Goldman Sachs және Morgan Stanley 2026-2027 жылдары қор биржаларында 10-20% аралығында төмендеу болады деп күтуде. Бұл туралы америкалық CNBC телеарнасы хабарлады.
Goldman Sachs-тың бас директоры Девид Соломонның айтуынша, мұндай төмендеулер ұзақмерзімді «өгіз» нарықтарының қалыпты құбылысы болып табылады. Ол Гонконгтегі инвестициялық саммитте сөз сөйлеп, «Инвестициялар алдымен өседі, кейін төмендейді, бұл инвесторларға үдерісті қайта қарауға мүмкіндік береді», деп атап өтті.
Morgan Stanley жетекшісі Тед Пик те осындай пікір білдірді. Ол инвесторларды мұндай кезеңдік төмендеулерді теріс бағаламауға шақырды.
Оның пікірінше, мұндай тенденциялар сау нарықтың дамуын көрсетеді және бұл дағдарыс белгісі емес. Қазіргі уақытта жаһандық акциялар жасанды интеллектке деген қызығушылықтың арқасында айтарлықтай өсу көрсетуде.
CNBC мәліметтеріне сүйенсек, өткен айда Жапонияның Nikkei 225 және Оңтүстік Кореяның Kospi индекстері рекордтық деңгейге жетті. Қытайдың Shanghai Composite индексі де соңғы онжылдықтағы ең жоғары көрсеткішке шықты.
Goldman Sachs пен Morgan Stanley алдағы жылдары Азия өңірі өсу жолдарының бірі болады деп болжайды. Goldman Sachs-тың мәліметінше, инвесторлар әлемнің ең ірі экономикаларының бірі саналатын Қытайға қызығушылық таныта береді.
Қор биржаларында 20% дейін төмендеу күтілуде
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз Тақырыпқа қатысты жаңалықтар