date

Өзбекстанда бизнес климат индексі 13 пунктке көтерілді


Өзбекстанның биылғы қазан айындағы жалпы бизнес климат индексі 55 пунктті құрады. Орталық Экономикалық Зерттеулер және Реформалар Орталығының (CEIR) мәліметіне сай, бұл өткен жылмен салыстырғанда 13 пунктке өскенін көрсетеді.

"Барлық салаларда бизнес климатының жақсарғаны тіркелді. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы саласында өткен жылмен салыстырғанда 11 пунктке өсіп, көрсеткіш 61 пунктке жетті.

Өнеркәсіп саласында 8 пунктке артып, 46 пунктті құрады. Құрылыс және қызмет көрсету салаларында сәйкесінше 13 және 17 пунктке өсіп, көрсеткіштер 58 және 57 пунктке жетті", — деп хабарлады орталық.

Орталықтың зерттеуіне қатысқан кәсіпкерлердің 50 пайызы өз бизнес жағдайын жақсы деп бағалаған. Өткен жылы бұл көрсеткіш 38 пайызды құраған еді.

Соңғы үш айда бизнестегі жақсаруларды 42 пайыз компания тіркесе, өткен жылы мұндай жауап бергендер 32 пайыз болған. Ал өнімдерге қызығушылықтың артқанын сауалнамаға қатысқандардың 50 пайызы мәлімдесе, өткен жылы бұл көрсеткіш 35 пайыз болған.

CEIR бизнес климат индексін Германияның IFO институтының әдістемесі негізінде әр түрлі салада қызмет атқаратын 1 000-нан астам компания арасында сауалнамалар жүргізу арқылы есептейді. Бизнес өкілдері қазіргі жағдай мен болашақтағы күтілулерді өндіру, сұраныс және басқа көрсеткіштердің өзгерістеріне сүйене отырып бағалайды.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Экономика » Өзбекстанда бизнес климат индексі 13 пунктке көтерілді