date

Төрт өңірде электр желілері жекешелендіріледі

Төрт өңірде электр желілері жекешелендіріледі

Өзбекстанның төрт өңіріндегі электр желілерін жеке сектордың басқаруына беру жоспарлануда. Бұл туралы мемлекет басшысы Шавкат Мирзиёев 6 желтоқсанда энергетика нысандарын іске қосу рәсімінде мәлімдеді.

Жоспарға сәйкес, 2026 жылы Жызақ және Сырдария өңірлеріндегі электр желілері жеке секторға беріледі. Бір жылдан кейін, Наманган және Ташкент өңірлерінің энергетика инфрақұрылымы да жеке басқаруға өтеді.

Мемлекет басшысы Самарқанд өңірінің тәжірибесін мысал ретінде келтірді. Бұл аймақта электр желілері шетелдік компанияның басқаруына беріледі.

Инвестор инфрақұрылымды жаңғырту және басқару жұмыстарымен айналысады. Болжам бойынша, Самарқанд өңіріне шетелдік компанияны тарту нәтижесінде жылына 20 миллион доллар үнемдеп, энергетикалық шығындарды екі есеге азайтуға мүмкіндік туады.

Еске сала кетейік, мемлекет басшысы 21 энергетика нысанының құрылысын бастап, 42 жобаны символикалық түрде іске қосты. "Бүгін іске қосылып жатқан барлық жобалар тұрақты экономикалық өсімнің қайнары болып, келесі ұрпақ үшін жаңа мүмкіндіктер ашады", — деп атап өтті Мирзиёев.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Экономика » Төрт өңірде электр желілері жекешелендіріледі