2025 жылы азық-түлік экспорты 3 млрд АҚШ долларынан асады

2025 жылдың соңына қарай Өзбекстан тұңғыш рет 3,2 миллиард АҚШ долларын құрайтын азық-түлік өнімдерін экспорттайды. Бұл туралы президент Шавкат Мирзиёев Қоқсарай резиденциясында ауыл шаруашылығы қызметкерлерімен кездесу барысында мәлімдеді.
Осы жылдың басынан бері азық-түлік экспорты 37 пайызға артқан. Өзбекстан экспорт географиясын кеңейтіп, жеміс-жидек пен көкөністерін 83 елге жеткізіп жатыр.
Мемлекет басшысының айтуынша, республика қараөрік пен өрік экспорты бойынша әлемде үшінші орын, шабдалы мен мейіз бойынша жетінші орын, ал шие экспорты бойынша сегізінші орынды иеленген. Биыл өзбекшаруа қожалықтары 3,4 миллион тонна жеміс, 2 миллион тонна жүзім, 19,5 миллион тонна көкөніс, бақша дақылдары мен картоп, сондай-ақ 1 миллион тонна бұршақ және майлы дақылдар өнімін жинап алыпты.
Президенттің айтуынша, жиналған өнім көлемі ел ішіндегі бағаларды тұрақтандыруға және экспорты едәуір нығайтуға мүмкіндік берген.
“Zamin”-ді Telegram-нан оқыңыз!