date

Шыршықта ана мен баланың жолын бөгеген жүргізуші қатаң жазаланды

Шыршықта ана мен баланың жолын бөгеген жүргізуші қатаң жазаланды

Шыршық қаласында жаяу жүргіншілер жолында келе жатқан ана мен баланың жолын бөгеген жүргізушіге қатысты қатаң шара қолданылды. Сот шешіміне сәйкес, ол бір жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айырылды.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде Cobalt жүргізушісінің ереже бұзғаны түсірілген видео кең таралып, пайдаланушылардың наразылығын тудырған болатын. Видеода жүргізушінің жаяу жүргіншілерге арналған жолмен жүргені, сонымен қатар сол жерде келе жатқан ана мен баланың жолын әдейі бөгегені көрінеді.
Ташкент облысы ЖҚҚБ мәліметіне сәйкес, осы оқиға бойынша жүргізушінің жеке басы анықталып, оған қатысты «жол бұзақылығы» бабы негізінде әкімшілік хаттама толтырылды. Кейіннен жинақталған материалдар сотқа ұсынылды.
Сот процесінде жүргізушінің әрекеттері заң бұзушылық ретінде бағаланып, оған бір жылға көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасы тағайындалды. Сондай-ақ, жүргізуші 10 БЕМ мөлшерінде — 4 миллион 120 мың сум айыппұл төлеуге міндеттелді.
ЖҚҚБ баспасөз қызметі барлық жүргізушілерді жаяу жүргіншілерге құрметпен қарауға шақырып, жаяу жүргіншілер жолымен көлік құралында жүрмеуді сұрады.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Қоғам » Шыршықта ана мен баланың жолын бөгеген жүргізуші қатаң жазаланды