date

Қарыз үшін Volkswagen көлігі тәркіленді

Мәжбүрлі атқару бюросының Әндіжан аудандық бөлімінің іс жүргізуіне Әндіжан ауданаралық азаматтық сотынан «Abror» фермерлік шаруашылығынан «AGROBANK» АҚБ пайдасына 74,4 млн сум көлеміндегі несие қарызын өндіріп алу туралы атқару парағы келіп түсті.
 
Сондай-ақ, Әндіжан ауданаралық экономикалық сотының 02.01.2016 жылғы атқару парағына сәйкес, аталған шаруашылықтың электр энергиясы үшін 166,3 млн сум қарызын өндіріп алу белгіленген.

Борышкер атқару құжаттарының талаптарын уақытында орындау туралы ескертіліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Алайда, белгіленген мерзімде несие және электр энергиясы бойынша қарыз өтелмегендіктен, Бюро қызметкерлері «VOLKSWAGEN» маркалы автокөлікті тіркеп, тәркіледі.

Енді несие қарыздары қайтарылмаса, автокөлік аукцион арқылы сатылымға шығарылуы мүмкін.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Қоғам » Қарыз үшін Volkswagen көлігі тәркіленді