Қатерлі ісікті тоқтатқан дәрі ғалымдарды таңғалдырды

Қатерлі ісікке қарсы күресте жаңа үміт пайда болды. The Guardian басылымының хабарлауынша, «Амивантамаб» деп аталатын инновациялық дәрі бас және мойын обырының ауыр түрлерін емдеуде жоғары тиімділік көрсетті.
Мәліметтерге сәйкес, бұл препарат 11 елде өткізілген ауқымды клиникалық зерттеулер барысында сынақтан өтті. Зерттеуге бұрын химиотерапия мен иммунотерапия емшараларынан күтілген нәтиже ала алмаған ауыр халдегі барлығы 102 науқас қатысты.
Зерттеу нәтижелері мамандарды таңғалдырды. Қатысушылардың 15-інде ісіктер толығымен жойылды, бұл жағдай медицина әлемінде «бұрын-соңды болмаған жетістік» ретінде бағалануда.
Атап өтілгендей, «Амивантамаб» препараты әр үш апта сайын тері астына инъекция түрінде егіледі. Ғалымдар қазіргі уақытта зерттеулерді жалғастырып, оның тиімділігі мен қауіпсіздігін одан әрі кеңірек клиникалық кезеңдерде зерттеуді жоспарлауда.
Мамандар бұл нәтижені қатерлі ісікке қарсы күресте жаңа дәуірдің басталуы ретінде бағалап, болашақта бұл дәрі көптеген науқастар үшін жаңа үмітке айналуы мүмкін екенін атап өтуде.



















Пікірлер 0
…