
Ташкент қаласында Нақыш қолөнер мектебі өз жұмысын бастады. Бұл жоба Өзбекстан Мәдениет және өнерді дамыту қоры мен Ұлыбританияның Қороль қоры дәстүрлі өнер мектебі (KFSTA) әріптестігі аясында ұйымдастырылған.
Мектептің ашылуы туралы Өзбекстан Президенті Әкімшілігінің басшысы Саида Мирзияева хабарлады. KFSTA мектебі көп жылдан бері әлемнің түрлі түкпірінен келген шеберлерге сәулет, нақыш, каллиграфия және дәстүрлі қолөнер салаларын үйретіп келеді.
Енді бұл тәжірибе Өзбекстанда да енгізілуде. Нақыш мектебі алғашқы жылында бес курс ұйымдастырады.
Бірінші курс Ташкентте өтеді, келесі курс Самарқандтағы Ұлықбек медресесінде болады. Самарқанда студенттерге XV ғасыр жәдігерлері негізінде ислам өнері нақыштары үйретіледі.
“Zamin”-ді Telegram-нан оқыңыз!
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз Тақырыпқа қатысты жаңалықтар