date

Леонардо Ди Каприо тағы да бірінші орында: Time журналы оны жыл әртісі деп жариялады

Леонардо Ди Каприо тағы да бірінші орында: Time журналы оны жыл әртісі деп жариялады

Леонардо Ди Каприо 2025 жылы тағы да әлемдік кино орталығында. Time журналы актерді 2025 жылдың үздік әртісі (актері) деп таныды. Осыған орай Ди Каприо журналдың жаңа санының мұқабасы үшін де арнайы фотосессияға қатысты.

Time-дің ресми сайтында актердің шығармашылық қызметіне арналған жан-жақты мақала жарияланды. Онда Леонардо Ди Каприоның алғашқы сәтті басты рөлдерінен бастап, Голливудтағы жолы, жеті рет "Оскар" сыйлығына үміткер болып, тек бір рет жеңімпаз атанғанына дейінгі үдерістер қамтылған.

Журнал авторлары Ди Каприоны шебер актер ғана емес, әлі күнге дейін көрермендер ең көп көргісі келетін әртістердің бірі ретінде сипаттайды. Мақалада..."оны қазір көргісі келетіндер, бәлкім, бұрын-соңды болмаған шығар" деген ой да келтірілген.

Сондай-ақ журналистер 1993 жылы түсірілген "Бойдың өмірі" фильміндегі рөліне ерекше тоқталып, дәл осы жұмыс Ди Каприоның үлкен дарын иесі екенін ерте көрсеткенін атап өтті.

Ал 2025 жылы актер қатысқан жаңа жоба - One Battle After Another, режиссері Пол Томас Андерсон. Фильм аз уақыт ішінде көрермендер мен сыншылар арасында ең көп талқыланған туындылардың біріне айналып, "Алтын глобус" сыйлығына да ие болды.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Мәдениет » Леонардо Ди Каприо тағы да бірінші орында: Time журналы оны жыл әртісі деп жариялады