date

Сербия президенті Өзбекстан сапарына риза


Сербия президенті Александр Вучич Өзбекстанға сапарының нәтижелеріне қанағаттанғанын білдірді. Бұл туралы ол Ташкентте Ислам өркениеті орталығына сапары барысында хабарлады.

Вучичтің сөзінше, тараптар өзара ынтымақтастық декларациясын және тағы бірқатар басқа құжаттарға қол қойған. Бұл құжаттар алдағы бірлескен жобалар үшін берік негіз болады.

Ол сапардың сәтті өтіп жатқанын және екі ел арасындағы қатынастарды нығайту үшін берік іргетас қаланғанын атап өтті. Сербия басшысы, сондай-ақ, Өзбекстанда өтіп жатқан үкіметаралық комитет жиналысынан кейін Шавкат Мирзияевті Белградта қабылдауды жоспарлап отырғанын қосты.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Қоғам » Сербия президенті Өзбекстан сапарына риза