
Өзбекстан азаматы ауыр жағдайда болғандықтан, денсаулық сақтау министрлігі өкілінің бақылауымен еліне қайтарылды. Бұл туралы Дунё ақпарат агенттігі хабарлады.
Екатеринбургтегі Өзбекстан Бас консулдығы мен Миграция агенттігі қызметкерлері барлық қажетті құжаттарды рәсімдеп, отандастың тасымалын ұйымдастырды. Белгілі болғандай, азамат Екатеринбург қаласына жұмыс іздеп келген, бірақ түрлі себептерге байланысты «ауыр ми инфаркті, бас сүйегінің және негізінің сынуы» диагнозымен жансақтау бөліміне түскен.
1 қараша күні ол жедел жәрдем көлігімен Екатеринбург халықаралық әуежайына жеткізіліп, Өзбекстанға жөнелтілді.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз Тақырыпқа қатысты жаңалықтар