date

Ташкент облысында ТЖБ қызметкері үйінен өлі табылды

Ташкент облысында ТЖБ қызметкері үйінен өлі табылды

Ташкент облысында төтенше жағдайлар бойынша профилактика инспекторы қызметінен тыс уақытта қаза тапты. Бұл туралы Өзбекстан Республикасы Бас прокуратурасының баспасөз хатшысы Хаёт Шамсутдинов хабарлады.

Мәлім етілгендей, Ташкент қаласы Учтепа ауданы ТЖБ профилактика инспекторы, аға лейтенант Хамидуллаев Худоёр Бахтиёр угли 2025 жылдың 25 ноябрінен кезекті еңбек демалысында болған. Ағымдағы жылдың 21 декабрь күні сағат 15:00 шамасында Бостандық ауданы, Ғазалкент махалласы, Себзор көшесінде орналасқан саяжайда асылып қалған күйі табылған.

Марқұмның қайтыс болу себептерін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қазіргі уақытта бұл жағдай бойынша Шыршық әскери прокуратурасы тергеуге дейінгі тексеру жүргізіп жатыр.

Ресми органдар тексеру нәтижелері бойынша қосымша ақпарат беретінін атап өтті.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Қоғам » Ташкент облысында ТЖБ қызметкері үйінен өлі табылды