date

Uzbekistan Airways ұшақтары Қазанға бағытталды


Uzbekistan Airways әуе компаниясының Ташкент—Уфа—Ташкент бағыты бойынша HY9657/9658 рейсі қосалқы әуежай ретінде Қазанға бағытталды. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.

Өзгерістер Уфа халықаралық әуежайындағы уақытша шектеулерге байланысты енгізілді. Рейстер кестесі туралы толық ақпарат кейінірек ұсынылады.

Жолаушыларға компанияның ресми дереккөздеріндегі жаңалықтарды бақылап отыру ұсынылады. Еске салайық, Ресей Қорғаныс министрлігі бұған дейін 4-қарашаға қараған түні Башқұртстанда екі украиналық дрон атып түсірілгенін хабарлаған еді.

Сондай-ақ, Kursiv Uzbekistan басылымы Uzbekistan Airways-тың Наманган—Краснодар—Наманган бағыты бойынша рейстер кестесіне де өзгерістер енгізілгенін хабарлаған еді.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Қоғам » Uzbekistan Airways ұшақтары Қазанға бағытталды