date

Электронды рецепт жүйесі кезең-кезеңімен енгізіледі

Электрон рецепт жүйесі кезең-кезеңмен енгізіледі
Өзбекстан Денсаулық сақтау министрлігі «Электрон рецепт» жүйесін кезең-кезеңмен енгізеді. Бұл жүйе алдымен Ташкент қаласында және 15 тәжірибелік аймақта іске қосылады.

Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады. Министрлік өтініштер мен ұсыныстарды ескеріп, жаңа жүйеге мүмкіндігінше түсінікті әрі жеңіл өту үшін қосымша шаралар қабылдап жатыр.

Сонымен қатар, министрлікте мамандар мен тиісті ұйымдардың өкілдерімен жұмыс кездесулері өткізілді. Кездесу нәтижесінде жаңа жүйені енгізу мәселелерін апта сайын қарастырып, келесі кезеңдер бойынша ұсыныстар дайындау үшін сарапшылар кеңесі құрылды.

Алғашқы кезеңде электрон рецепт антибиотиктер, синтетикалық антибактериалдық құралдар және жүйелі әсер ететін гормондық препараттарға міндетті болады. Келесі кезеңдер үшін дәрі-дәрмектер тізімі медициналық маңыздылығы мен әлеуметтік қауіптілігіне қарай бөлек бекітіледі.

Министрлік медициналық және фармацевтикалық ұйымдардың жүйеге қосылуы тегін жүзеге асырылатынын, сондай-ақ, электрон рецепттерді жазу құқығы тек дәрігерлерге ғана берілетінін атап өтті. Өтпелі кезеңде кейбір және шұғыл жағдайларда қағаз рецептерді пайдалану мүмкіндігі сақталады.

Министрліктің мәлімдеуінше, кезең-кезеңмен енгізу жүйені тұрақты түрде жетілдіруге, емдеу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, дәрі-дәрмектер айналымын реттеуге және халық үшін ыңғайлылық жасауға бағытталған. Кеңес алу үшін 1003 нөмірлі тәулік бойы жұмыс істейтін call-орталыққа хабарласуға болады.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Қоғам » Электронды рецепт жүйесі кезең-кезеңімен енгізіледі