date

Өзбекстан делегациясы Ислам ойындарында екінші орын алды


Өзбекстан делегациясы Эр-Риядта өткен VI Ислам ынтымақтастық ойындарына сәтті қатысып, жарыс қортындысында жалпыкомандалық есепте екінші орынды иеленді. Спортшыларымыз барлығы 96 медаль жеңіп алды: 29 алтын, 35 күміс және 32 қола.

Соңғы күні Өзбекстан командасы тағы да үш медальды жеңіп алды. Атап айтқанда, әйелдер арасындағы ауыр салмақ дәрежесінде пара пауэрлифтинг бойынша қатысқан Құдратой Ташпулатова 134 кг салмақты көтеріп, екінші орынды иеленді және күміс медальмен марапатталды.

Сондай-ақ Сарварбек Рахмонбердиев 62 кг салмақ дәрежесінде қола медаль жеңіп алды. Ол қола үшін болған бәсекеде Қырғызстан өкілімен күресіп, тактикалық артықшылығымен жеңіске жетті.

Күннің соңында Бекзод Жамилов пара пауэрлифтингтің ауыр салмақ дәрежесінде қатысып, үшінші орынды иеленді және қола медальға ие болды. Осылайша, жарыстың соңғы күні де Өзбекстан спортшылары үшін сәтті аяқталды.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Өзбекстан делегациясы Ислам ойындарында екінші орын алды