Әйел төрешілер Суперлигада дебют жасайды

Өзбекстан Супер лигасы тарихында алғаш рет әйелдер төрешілер тобы матчты басқарады. Бұл туралы Өзбекстан футбол ассоциациясы хабарлады.
Төрешілер тобының бас төрешісі ретінде Насибабону Тошмұхаммедова тағайындалып, оған көмекші ретінде Кристина Середа мен Зилола Рахматова жұмыс істейді. Бұл топ 29 қараша күні "Қызылқұм" және "Шұртон" клубтары арасындағы матчты басқарады.
Ассоциация өкілдерінің айтуынша, бұл қадам ұлттық төрешілер мектебінің дамуы мен әйелдердің кәсіби футболдағы орнын нығайтуда жаңа кезең бастайды.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз