FIFA басшысы ливандық азамат болды

FIFA президенті Джанни Инфантино Ливан Республикасы азаматы атанды. Ел президенті Джозеф Халил Аун оны Бейрутта қабылдап, жеке өзі төлқұжат ұсынды.
Кездесу барысында тараптар Ливанда футболды дамыту және ықтимал бірлескен жобаларды талқылады. «Мен үшін Ливан азаматтығын алу үлкен мәртебе.
Бүгін президент Аунмен футбол арқылы бейбітшілікті нығайту және жастар үшін бүкіл әлемде жаңа мүмкіндіктер жасау туралы әңгімелестік. Біздің сұхбатымыз өте нәтижелі болды», — деп атап өтті Инфантино әлеуметтік желілерінде.
Енді 55 жастағы FIFA басшысының үш азаматтығы бар: Ливан, Швейцария және Италия. Айта кетейік, Инфантино ливандық Лина әл-Ашқарға үйленген.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз