date

Австралияда өртенген аумақтан адам қалдықтары табылды

Австралияда өртенген аумақтан адам қалдықтары табылды

Австралияның оңтүстік-шығыс аймақтарында жалғасып жатқан күшті орман өрттерінің салдарынан адам қалдықтары табылды. Виктория штатының полициясы қалдықтардың Лонгвуд қалашығы маңында, көліктің жанынан анықталғанын хабарлады. Қаза тапқан адамның жеке басы әзірге анықталған жоқ, тергеу жүргізілуде.

Бірнеше күннен бері жалғасып жатқан өрттер аптап ыстық пен құрғақ ауа райына байланысты тез таралуда. Виктория штатында 350 мың гектардан астам жер өртеніп, 300-ден аса үй мен басқа да ғимараттар жойылды. Мыңдаған үй электр қуатынсыз қалды.

Билік бұл өрттерді 2019–2020 жылдардағы «Қара жаздан» кейінгі ең ірі апаттардың бірі деп бағалап отыр. Қазіргі таңда штат бойынша 30-дан астам өрт белсенді күйде. Өрттің түтіні Мельбурн қаласына жетіп, ауа сапасына кері әсер етуде.

Австралия премьер-министрі Энтони Албанезе өрттен зардап шеккен тұрғындар мен фермерлерге қаржылай көмек көрсетілетінін айтты. Мыңдаған өрт сөндіруші мен ондаған ұшақ өртті сөндіруге жұмылдырылған. Билік тұрғындарды қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақыруда.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Әлем » Австралияда өртенген аумақтан адам қалдықтары табылды