date

«Реалдың» өткен маусымдағы табысы 1 млрд еуродан асты

«Реалдың» өткен маусымдағы табысы 1 млрд еуродан асты

Deloitte мамандары 2024/2025 маусымы бойынша футбол клубтарының табысын талдады. Есеп қорытындысына сәйкес, табыс рейтингінде «Реал» көш бастады және 1 млрд еуро межесінен асқан әлемдегі жалғыз клуб атанды — мадридтіктердің көрсеткіші 1,161 млрд еуроны құрады. Бұл туралы euro-football.ru хабарлайды .

Екінші орында Ла Лиганың тағы бір алыбы — «Барселона» тіркелді: каталондықтар 974,8 млн еуро табыс тапты. Үздік үштікті 860,6 млн еуромен «Бавария» түйіндеді.

Топ-10 тізімінің қалған бөлігіне «ПСЖ» (837 млн еуро), «Ливерпуль» (836,1 млн), «Манчестер Сити» (829,3 млн), «Арсенал» (821,7 млн), «Манчестер Юнайтед» (793,1 млн), «Тоттенхэм» (672,6 млн) және «Челси» (584,1 млн) кірді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » «Реалдың» өткен маусымдағы табысы 1 млрд еуродан асты