date

Куәлігі жоқ жүргізуші Lacetti-мен 11 жасар баланы қағып кетті

Куәлігі жоқ жүргізуші Lacetti-мен 11 жасар баланы қағып кетті

Ташкент қаласында кезекті жол-көлік оқиғасы тіркелді. Ташкенттің Шыланзар ауданында жүргізуші куәлігі жоқ азамат тізгінге ие бола алмай, 11 жасар баланы қағып кетті.

Мәлім болғандай, оқиға 2026 жылғы 20 сәуірде айналма жолдың осы аудан аумағынан өтетін бөлігінде орын алған. Chevrolet Lacetti маркалы автокөлігінің жүргізушісі жоғары жылдамдықпен қозғалу салдарынан көлікті басқара алмай, жол жиегіне шығып кетіп, жаяу жүргіншіні қаққан.

Куәгерлердің айтуынша, автокөлік алдымен темір бағандарға соғылып, содан кейін жол қоршауларын қиратып, ағашқа соқтығысқанда барып тоқтаған. Бейнебақылау камераларының таспалары да көліктің жоғары жылдамдықпен келгенін растады.

Соққы салдарынан зардап шеккен бала алдымен орнынан тұруға тырысқан, бірақ көп ұзамай құлап қалған. Оқиға орнына жедел түрде жол-патрульдік қызметі қызметкерлері мен медициналық топтар жетті.

Зардап шегуші дереу ауруханаға жеткізілді. Әкесінің айтуынша, балада мидың шайқалуы, басындағы жарақаттар мен аяқтарының түрлі деңгейдегі жарақаттары анықталған. Бірнеше күннен кейін оның жағдайы жақсарып, үйіне шығарылды.

Алдын ала мәліметтер бойынша, оқиға кезінде автокөлік ішінде жүргізушіден бөлек тағы бірнеше адам болған. Қазіргі уақытта жүргізуші ұсталып, оқиға бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Ресми өкілдердің хабарлауынша, барлық құжаттар тиісті тәртіппен ресімделді, ал көлік құралы уақытша айып тұрағына қойылды.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Қоғам » Куәлігі жоқ жүргізуші Lacetti-мен 11 жасар баланы қағып кетті