date

«Чикаго Файр» Левандовскиді сатып алу ойынан қайтты

«Чикаго Файр» Левандовскиді сатып алу ойынан қайтты"Chicago Fire" Левандовскиді сатып алу ойынан қайтты

АҚШ-тың «Чикаго Файр» клубы Польша құрамасы мен «Барселона» шабуылшысы Роберт Левандовскиді сатып алу ойынан қайтты. Бұған дейін америкалық команда тәжірибелі форвардты өз қатарына қосуға ниетті екенін білдірген болатын. Алайда, соңғы мәліметтерге сәйкес, клуб басшылығы бұл трансферді жүзеге асыру ойынан бас тартқан. Бұл туралы Goal.com хабарлайды.

Левандовскидің испандық клубпен қазіргі келісімшарты осы жылдың маусым айында аяқталады. Футболшының есімі ұзақ уақыт бойы MLS командаларымен байланыстырылып келген еді. Соған қарамастан, «Чикаго Файр» өкілдері польшалық жұлдыздың трансфері бойынша келіссөздерді тоқтатуға шешім қабылдады.


Клубтың мұндай шешімге келуіне команданың қазіргі шабуылшысы Хуго Кейперстің керемет спорттық бабында болуы себеп болған. Басшылық жаңа шабуылшы іздегеннен көрі, қазіргі құрамды сақтап қалуды жөн көрді. Ал Левандовскиге жазғы трансферлік кезеңде жаңа команда іздеуіне тура келуі мүмкін.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » «Чикаго Файр» Левандовскиді сатып алу ойынан қайтты