Роналду мансабын қашан аяқтайтынын белгіледі

«Әл-Наср» шабуылшысы Криштиану Роналду мансабын қашан аяқтауды жоспарлап отыр. Журналист Бен Джейкобстың мәліметінше, португалиялық футболшы Сауд Арабиясы клубынан 2027 жылдың жазында — қолданыстағы келісімшарты аяқталғаннан кейін — кеткісі келеді. Бұл туралы euro-football.ru хабар береді.
Дереккөзге сүйенсек, дәл сол кезде Роналду үлкен ықтималдықпен футболшылық мансабына да нүкте қояды. 2027 жылға қарай «Алтын доптың» бес дүркін иегері 42 жасқа толады.
Роналду «Әл-Наср» сапында 2023 жылдың басынан бері ойнап келеді. Қазір 40 жастағы шабуылшы Сауд Арабиясы чемпионатының мергендер жарысында 16 матчта соққан 16 голымен көш бастап тұр.
“Zamin”-ді Telegram-нан оқыңыз!Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз