«Әл-Наср» Роналдуды 2027 жылдан кейін де сақтап қалғысы келеді

Шабуылшы Криштиану Роналду қолданыстағы келісімшарты 2027 жылдың жазында аяқталғаннан кейін «Әл-Насрдан» кетуді көздеп отыр деген ақпарат тарады. Бұл туралы euro-football.ru хабар береді.
Журналист Бен Джейкобстың мәліметінше, Сауд Арабиясы португалиялық жұлдызды елде ұстап қалу үшін оған клуб иесі ретінде рөл ұсыну нұсқасын қарастырып жатыр. Атап айтқанда, Роналдудың «Әл-Насрдағы» қазіргі үлесін 15%-ға дейін арттыру идеясы талқылануда. Лига басшылығы Роналду кеткен жағдайда әлемдік деңгейдегі қызығушылық күрт төмендеп кетпеуі үшін түрлі жоспарларды талдап жатыр.
Роналду 2023 жылы еркін агент ретінде «Әл-Насрға» қосылған еді. Ағымдағы маусымда ол Сауд клубы сапында 20 матчқа қатысып, 17 гол соғып, 3 нәтижелі пас берді.
“Zamin”-ді Telegram-нан оқыңыз!Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз