date

«Фенербахченің» бұрынғы ойыншысы Моуринью уәдесінде тұрмады деді

«Фенербахченің» бұрынғы ойыншысы Моуринью уәдесінде тұрмады деді

«Фенербахченің» бұрынғы футболшысы Линкольн португалиялық бапкер Жозе Моуринью туралы қатаң пікір білдірді. Моуринью 2024–2025 жылдары Ыстамбұл клубын басқарған. Бұл туралы euro-football.ru, хабарлайды .

Линкольннің айтуынша, бапкер өзіне берген уәдесін орындамаған және ойыншыға құрметсіздік танытқан. Ол «Халл Сити» клубына жалға кетер алдында Моуриньюмен сөйлескенін, ал бапкер оны Португалиядағы жазғы жиынға күтіп отырғанын айтқанын атап өтті.

Футболшы маусымды Англияда аяқтағаннан кейін жиынға шақыру болады деп күткен, алайда кейін Моуриньюмен байланысуға тырысқанда, бапкер сөйлесуден бас тартқан. Линкольннің сөзінше, Моуринью онымен тікелей сөйлеспей, спорт директорына жүгінуді айтқан.

Линкольн сондай-ақ, команда сол кезде Португалияда болғанына қарамастан, өзін Ыстамбұлға жіберіп, бөлек жаттығу өткізуді тапсырғанын қосты. Ол бұл жағдайды әділетсіз әрі құрметсіз қарым-қатынас деп бағалады, сондай-ақ жарақатынан кейін клуб тарапынан жеткілікті қолдау болмағанын да айтты. Fanatik басылымына: «Танымал футболшы болмасам да, алаңда әрдайым барымды салдым», — деді ол.

Қазіргі уақытта Жозе Моуринью «Бенфиканы» басқарады.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » «Фенербахченің» бұрынғы ойыншысы Моуринью уәдесінде тұрмады деді