date

Сака жарақаттан кейін «Арсенал» құрамына оралуда

Сака жарақаттан кейін "Арсенал" құрамына қайтпақта

«Арсенал» бас бапкері Микель Артета жарақатынан айыққан Букайо Саканы Англия Премьер-лигасының чемпиондығы үшін күресте командаға көмектесуге шақырды. Ахилл сіңірінің жарақатына байланысты біршама уақыт қатардан шығып қалған вингер сенбі күні «Ньюкаслға» қарсы өтетін маңызды үй кездесуінде алаңға шығады деп күтілуде. Англиялық футболшының жоқтығында «зеңбірекшілер» бес ойында небәрі бір рет жеңіске жетіп, турнир кестесіндегі көшбасшылығын жоғалтып алды. Бұл туралы Goal.com хабарлайды.

Артетаның айтуынша, 24 жастағы футболшы жұма күнгі жаттығуларда көңіл-күйі көтеріңкі болған және команданың ең ықпалды ойыншысы саналады. Осы маусымда Сака негізгі құрамда алаңға шыққан ойындардың 73 пайызында «Арсенал» жеңіске жеткен. Бапкер өз көшбасшысынан чемпиондық бәйгенің шешуші сәттерінде ойын тағдырын өзгерте алатын әрекеттер күтетінін жасырмады.


«Букайо соңғы жылдардағы ең ықпалды ойыншыларымыздың бірі болып табылады. Шешуші сәттер туғанда, ол біз үшін жеңісті қамтамасыз ететін жағдайлар жасайтынына сенеміз. Оның құрамда болуы өте маңызды және біз оны дұрыс пайдалануға тырысамыз», — деді Артета баспасөз мәслихатында. Қазіргі уақытта «Арсенал» мен «Ман Сити» ұпайлар мен доптар айырмашылығы бойынша тең жағдайда келеді.

Чемпионаттың аяқталуына бес тур қалғанда, Артета өз шәкірттерін артық әңгімелерге алаңдамай, бар назарды алаңдағы нәтижеге аударуға шақырды. Бапкердің пікірінше, чемпиондыққа лайықты екендігін тек ойын арқылы дәлелдеуге болады. Соңғы алты ойынның төртеуінде жеңіліске ұшыраған Лондон клубы үшін «Ньюкаслды» жеңу турнир кестесіндегі жағдайды жақсарту үшін су мен ауадай қажет.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Сака жарақаттан кейін «Арсенал» құрамына оралуда