«Әл-Наср» Роналдудың 2027 жылдан кейін де Сауд Арабиясында қалуын қалайды

Шабуылшы Криштиану Роналду клубпен қолданыстағы келісімшарты аяқталғаннан кейін, 2027 жылдың жазында «Әл-Насрдан» кетуді жоспарлап отыр. Бұл туралы euro-football.ru хабарлайды. хабарлайды .
Журналист Бен Джейкобстың мәліметінше, Сауд Арабиясы португалиялық жұлдызды елде сақтап қалу үшін оны клуб иесі ретінде жобаға жақындату нұсқасын қарастыруда. Жоспар бойынша Роналду «Әл-Насрдағы» қазіргі үлесін 15 пайызға дейін арттыра алады. Ал лига футболшы кеткеннен кейін әлемдік қызығушылықтың күрт төмендеп кетпеуі үшін түрлі сценарийлерді талдап жатыр.
Роналду 2023 жылы еркін агент ретінде «Әл-Насрға» ауысқан еді. Ағымдағы маусымда ол Сауд клубы сапында 20 матч өткізіп, 17 гол соғып, 3 нәтижелі пас берді.
“Zamin”-ді Telegram-нан оқыңыз!Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз