date

Месси дубль жасады: «Интер Майами» сырт алаңдағы ойында жеңіске жетті

Месси дубль жасады: «Интер Майами» сырт алаңдағы ойында жеңіске жетті

MLS чемпионатының 8-турында «Колорадо Рапидс» пен «Интер Майами» командалары арасында шиеленіске толы әрі тартысты ойын өтті.

Бұл матчта Флорида штатының өкілі «Интер Майами» 3:2 есебімен жеңіске жетті. Ойынның басты қаһарманы тағы да Лионель Месси болды — ол қарсылас қақпасына екі гол соғып, дубль жасады. Осылайша аргентиналық жұлдыз өзінің кәсіби мансабындағы жалпы голдар санын 905-ке жеткізді.

Ойын барысында екі команда да жоғары қарқын мен шабуылдық стиль көрсетті. «Колорадо» да екі голмен жауап берді, бірақ соңғы сөз қонақтар жағында қалды.

Нәтижесінде «Интер Майами» маңызды үш ұпайды иеленіп, ұпай санын 15-ке жеткізді және Шығыс конференциясында 2-орынға көтерілді. «Колорадо Рапидс» Батыс конференциясында 6-орында қалды.

MLS. 8-тур

Колорадо Рапидс – Интер Майами 2:3

Голдар: Наварро 58, Япи 62 – Месси 18 (пенальти), 80, Бертераме 45+5

«Интер Майами» құрамы: Сент-Клэр, Фрэй, Лужан (Пинтер 70), Микаэл, Аллен, Де Паул, Брайт, Сеговия, Силветти (Аллен 70), Бертераме, Месси.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Месси дубль жасады: «Интер Майами» сырт алаңдағы ойында жеңіске жетті