date

Балаcынан айырылған әйелдер Facebook жарнамаларына наразылық білдіруде

Балаcынан айырылған әйелдер Facebook жарнамаларына наразылық білдіруде
Meta компаниясының Facebook және Instagram платформаларында кейбір әйелдер баласынан айырылғаннан кейін де бала мен жүктілікке қатысты жарнамаларды көріп жүр. Бұл олардың психологиялық жағдайына кері әсер еткен. Британиялық Самми Клаксон бес рет түсік тастағанын және бұл жарнамалар оған ауыр тигенін айтқан.

Тания есімді әйел Facebook-ті жеке мәліметтерді пайдаланып жарнама жібергені үшін айыптап, сотқа жүгінген. Осыдан кейін компания кейбір қолданушыларға мұндай жарнамаларды тоқтатуға келіскен.

Рианнон Лоусон есімді әйел де баласынан айырылғаннан кейін телефонда бала тауарлары мен жүктілік қосымшаларының жарнамаларын көргенін айтқан. Ол мұны ауыр деп сипаттаған.

Meta қолданушыларға жарнамаларды шектеу мүмкіндігі бар екенін мәлімдеген, бірақ көптеген адамдар бұл баптаулардың жұмыс істемейтінін айтады.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Әлем » Балаcынан айырылған әйелдер Facebook жарнамаларына наразылық білдіруде