date

Өзбекстанның бірінші қорғаныс министрі Рустам Ахмедов қайтыс болды

Өзбекстанның бірінші қорғаныс министрі Рустам Ахмедов қайтыс болды

Өзбекстан Республикасының бірінші қорғаныс министрі генерал-полковник Рустам Ахмедов қайтыс болды, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.

Марқұм 1943 жылы 10 ноябрьде Ферғана облысының Бағдад ауданында дүниеге келген. 1965 жылы Ташкент жоғары танк командалық училищесін, ал 1985 жылы Броньды танк әскерлерінің әскери академиясын бітірген.

Ол қызметтік жолын 1966 жылы танк взводының командирі қызметінен бастап, кейіннен үлкен қолбасшылық лауазымдарға дейін көтерілді. 1991-1992 жылдары Қорғаныс істері министрі және Ұлттық гвардия қолбасшысы, 1992-1997 жылдары Өзбекстан Республикасының Қорғаныс министрі қызметін атқарған.

Рустам Ахмедов қорғаныс жүйесінде ғана емес, 1997-1998 жылдары Төтенше жағдайлар министрі қызметін де атқарған. 1998 жылы зейнетке шыққан, 2018-2020 жылдары қорғаныс министрінің кеңесшісі қызметін атқарған.

Ол көптеген марапаттар мен ордендерге ие болды: 1993 жылы "Құрмет грамотасы," 1995 жылы II дәрежелі "Құрмет" ордені және 2018 жылы "Достық" ордені.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Өзбекстан » Өзбекстанның бірінші қорғаныс министрі Рустам Ахмедов қайтыс болды