«Барселонаның» жас жұлдызы Ламин Ямал жарақатынан айығып жатқан уақытта бос уақытын тиімді өткізуде. Испаниялық вингер 25 жастағы аргентиналық әнші Никки Николмен бірге уақыт өткізіп жүргені белгілі болды.
Испан БАҚ-тарының хабарлауынша, жұп тікұшақпен Хорватия аралдарының үстінен ұшып серуендеген. Бұл сәттерді Ямал өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.
Футболшы бейнежазбада әзілмен Никкинің ұшу кезінде басы айналғанын айтты. Жанкүйерлер бұл көріністі өте шынайы және романтикалық деп бағалады.
Қазір Ламин Ямал жарақатынан айығу үстінде және «Барселона» құрамына қайта оралу үшін жеке жаттығуларын жалғастыруда.
Бұған дейін жас жұлдыз Instagram-да Никки Николмен түскен суретін жариялап, оның туған күнін құттықтап, қарым-қатынастарын ресми түрде растаған еді.
Жанкүйерлер жұпты «футбол мен музыканың жаңа романтикалық жұбы» деп атап жүр. Ямал бүгінде тек алаңда ғана емес, жеке өмірінде де жарқын сәттерді бастан өткеріп жатқандай көрінеді.
“Zamin”-ді Telegram-нан оқыңыз!