date

Жалалабат Қырғызстан астанасына айналуы мүмкін

Жалалабад Қыргызстан астанасына айналуы мүмкін

Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы Қамчибек Ташиевтің хабарлауынша, 2026 жылы бұрынғы Жалалабад, қазіргі Манас қаласына республика маңызындағы үшінші қала мәртебесі беріледі, деп Uz24.uz хабарлады.

Оның айтуынша, кейбір саясаткерлер Манастың астана болуы мүмкін екенін атап өткен. “Егер біз соған лайық болсақ, неге болмасын? Уақыт көрсетеді. Бірақ бұл үшін қала да, халық та дайын болуы керек. Астана болу оңай емес — ірі қаражат, жаңа инфрақұрылым және заманауи болуы талап етіледі”, — деді Ташиев.

Ташиевтің айтуынша, Жалалабадтың Манас деп қайта аталуын стратегиялық тұрғыда дұрыс шешім болған. Қала елдің дамуы үшін маңызды рөл атқара бастады және енді жаңа мәртебеге лайық деп есептеледі.

Қазіргі уақытта Манас қаласында ауқымды құрылыс және инфрақұрылым жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Жоспарға сәйкес, ол Қырғызстанның ең заманауи және дамыған орталықтарының біріне айналады деп күтілуде.

Еске сала кетейік, 17 қыркүйек күні Жалалабад қаласының атауы ресми түрде Манас деп өзгертілген. Қазір қалада 184 мыңнан астам адам тұрады, олардың шамамен 30 пайызы өзбек ұлтының өкілдері.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Әлем » Жалалабат Қырғызстан астанасына айналуы мүмкін