date

Америка әскері Израильге жетті: гуманитарлық бақылау басталды

Америка әскері Израильге жетті: гуманитарлық бақылау басталды

АҚШ әскерлері Израильге келе бастады. Олар елді мекендерде белгіленген ережелердің сақталуын бақылайды. Бұл туралы Пентагон дереккөздеріне сілтеме жасап CNN телеарнасы хабарлады.

Мәліметтерге қарағанда, сарбаздардың бір бөлігі Таяу Шығыс елдерінен, ал қалған бөлігі АҚШ-тың басқа әскери қолбасшылықтарынан жіберілген. Жалпы саны 200 сарбаздан тұратын контингент Израильге 12 октябрьге дейін жетеді деп күтілуде.

Сонымен қатар, Газа аймағында АҚШ-тың арнайы мониторинг орталығын құру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Орталықтың қызметін толық жолға қою үшін бірнеше күн немесе апта қажет болуы мүмкін.

Пентагонның мәліметінше, миссияның негізгі міндеті - тәртіпсіздіктердің алдын алу және гуманитарлық ұйымдардың қызметін үздіксіз қамтамасыз ету.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Әлем » Америка әскері Израильге жетті: гуманитарлық бақылау басталды