date

Huawei HarmonyOS операциялық жүйесі нарықтағы үлесін кеңейтуде

Huawei HarmonyOS операциялық жүйесі нарықтағы үлесін кеңейтуде

Huawei компаниясы өзінің HarmonyOS операциялық жүйесі бойынша ауқымды мақсаттарды көздеп отыр. Компания басшылығы 2026 жылдың соңына дейін бұл жүйе орнатылған құрылғылар саны 100 миллиондық межеден асатынына сенімді. Бұл туралы Ixbt.com хабарлайды .

Huawei тұтынушылық өнімдер бөлімінің бас директоры Хэ Ган HarmonyOS 6 экожүйесі белгіленген жоспарды орындап қана қоймай, оны асыра орындайтынын атап өтті. Қазіргі таңда жүйе 60 миллионнан астам құрылғыда сәтті жұмыс істеп тұр.

Компания жасанды интеллект дәуірінде инновациялық тәжірибелер ұсыну арқылы Android және iOS жүйелеріне елеулі бәсекелестік тудыруды мақсат етеді. Huawei өз операциялық жүйесімен нарықтың үштен бір бөлігін иеленуді жоспарлап отыр.

Алдыда қиындықтар болғанымен, Huawei серіктестерімен бірлесе отырып, HarmonyOS платформасын одан әрі дамытуға дайын. Технологиялық алпауыт өз экожүйесін жаһандық деңгейде кеңейту үшін барлық мүмкіндіктерді пайдалануда.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Технология » Huawei HarmonyOS операциялық жүйесі нарықтағы үлесін кеңейтуде