Ресейде әлемдегі алғашқы ғарыштық микроскоп жасалды

Мәскеудегі «Технополис Москва» арнайы экономикалық аймағында әлемдегі тұңғыш «СММ-2000С» спутниктік сканерлеуші зондтық микроскобы таныстырылды. Бұл құрылғы ғарыштық жүктемелерге төзімділігімен, энергияны аз жұмсауымен және ашық ғарыш жағдайында тұрақты жұмыс істеуімен ерекшеленеді. Бұл туралы Ixbt.com хабарлайды .
«Протон» зауытының инженерлері әзірлеген бұл микроскоп 2023 жылдың маусым айында «Нанозонд-1» спутнигінің құрамында орбитаға шығарылған болатын. Құрылғы арқылы алынған ғылыми деректер беделді журналдарда жарияланып, ғарыштық ортаны зерттеуге маңызды үлес қосуда.
Зерттеулер кейбір материалдардың күн сәулесінің әсерінен ішінара «өзін-өзі қалпына келтіру» қасиетіне ие екенін көрсетті. Бұл болашақта орбитада аз тозатын және ұзақ қызмет ететін ғарыш кемелерін жобалауға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, күн желінің әсерінен сыртқы қаптаманың эрозиясы бұрын болжанғаннан баяу жүретіні анықталды. Бұл спутниктердің конструкциясын жеңілдетуге және пайдалы жүк көлемін арттыруға жаңа мүмкіндіктер ашады. Сонымен қатар, құрылғы ғарыштық шаңның пайда болу себептерін түсіндіруге де көмектесті.
“Zamin”-ді Telegram-нан оқыңыз!