date

Өзбекстан мен Словакия киберқауіпсіздік орталығын құрады


Өзбекстан мен Словакия банктері киберқауіпсіздігін қадағалау және жүк тасымалдарын бақылау үшін бірлескен орталық құруды жоспарлауда. Бұл бастама Президент Шавкат Мирзиеев пен Словакия басшысы Петр Пеллегрини кездесуінде талқыланды.

Тараптар сондай-ақ өзара тауар жеткізуді арттыру жөнінде келісімге келді. Өзбекстаннан Словакияға тоқыма, былғары бұйымдары және жеміс-көкөністер экспортталады, ал Словакиядан резеңке, автокөлік бөлшектері мен фармацевтика өнімдері жеткізіледі.

2026 жылы Братиславада екі ел ректорларының қатысуымен алғашқы форум, сондай-ақ туризм көрмелері мен Туризм күндерін өткізу жоспарланып отыр.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Өзбекстан » Өзбекстан мен Словакия киберқауіпсіздік орталығын құрады