
Қазақстанда жол қозғалысы ережелерінің ұсақ бұзушылықтары үшін айыппұл орнына ескерту енгізу жоспарлануда. Тиісті заң Сенаттың он бірінші жалпы отырысында мақұлданды.
Енді, егер жүргізуші бірінші рет ұсақ құқықбұзушылық жасаса, оған айыппұл салынбайды, бұл жағдайдың салдары түсіндіріліп ескертіледі. Сондай-ақ, заңда автоматтандырылған фото және бейне камералар тіркейтін құқықбұзушылықтардың нақты тізімі көрсетіліп, жазаны қолдану мерзімі құқықбұзушылық тіркелген күннен бастап бір айдан аспауға тиіс екені белгіленген.
Сенаторлардың пікірінше, бұл шаралар жол қозғалысы ережелерін сақтау мәдениетін арттыруға, құқықбұзушылықтардың алдын алуға және азаматтардың мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайтуға қызмет етеді.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз