date

2026 жылдан бастап дәрі бағалары 50% дейін төмендетіледі

2026-жылдан дәрі бағалары 50% ға дейін арзандатылады
2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Өзбекстанда 2,6 мыңнан астам рецепт арқылы берілетін дәрі-дәрмектердің орташа бағасы 40-50 пайызға төмендетіледі. Президент Шавкат Мирзиёев фармацевтика саласы мен сирек ауруларға шалдыққан балаларды қолдауға бағытталған жаңа жобалармен танысты.

Барлық мемлекеттік сатып алулар farma.xarid.uz жаңа электронды платформасы арқылы жүзеге асырылады. Бұл жүйе сапасыз өнімдер мен жемқорлық жағдайларын жоюға қызмет етеді.

Тендерге тек GMP, ISO:13485 және GDP халықаралық сертификаттарына ие компаниялар қатыса алады. Мемлекеттік сатып алулар, сертификатталған өндірушілер мен дистрибьюторлар туралы мәліметтер ашық түрде болады.

Жүйе сатып алынатын препараттардың бағасы белгіленген референстік деңгейден аспауын автоматты түрде қадағалайды. Президентке 2026-2030 жылдарға арналған, сирек және басқа тұқым қуалайтын-генетикалық ауруларға шалдыққан балаларға медициналық және әлеуметтік көмек көрсетуге бағытталған іс-шаралар бағдарламасы таныстырылды.

Осы бағдарламаға сәйкес, мемлекет есебінен емделуі қаржыландырылатын аурулар саны бесеуден онға дейін жеткізіледі, сондай-ақ, тегін емделу жас шегі 18 жастан 21 жасқа дейін ұзартылады. 2026-2030 жылдар аралығында бағдарлама аясында 961 миллиард сум қаражат бөлу жоспарлануда.

Президент тиісті қаулыға қол қойып, бағдарлама жобасын бекітті. Сондай-ақ, 2026 жылдың 1 қаңтарына дейін мемлекеттік медициналық мекемелердің дәрі-дәрмектер мен жабдықтарға деген қажеттілігін есепке алу және олардың қорларын басқаруға бағытталған арнайы платформа құрылады.

Президентке дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды тіркеудің жаңа тәртібі де таныстырылды. Бұл тәртіп технология трансферті негізінде өндірілген препараттарды жедел тіркеуді көздейді, яғни шетелдік компаниялардың өнімдері жергілікті кәсіпорындарда өндіріледі.

Бұдан бөлек, зақымдалған тіндер мен ағзаларды қалпына келтіруге көмектесетін биотехнологиялық жасушалық препараттарды медициналық практикаға енгізу үшін жағдай жасалуда. Шавкат Мирзиёев ұсынылған шараларды қолдап, 2025 жылдың соңына дейін 166 миллион доллар инвестиция сомасындағы 32 жобаны толық жүзеге асыруды, 1,5 мың жаңа жұмыс орны ашылуын және дәрі-дәрмектер бағасының төмендеуін қамтамасыз етуді тапсырды.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Өзбекстан » 2026 жылдан бастап дәрі бағалары 50% дейін төмендетіледі