date

Бензин бағасын көтеруді айтқан басшы отставкаға кетті

Бензин бағасын көтеруді айтқан басшы отставкаға кетті

Германиядағы ең ірі автоклубтардың бірі - ADAC-тың көлік мәселелері жөніндегі президенті Герхард Хиллебранд отставкаға кетті. Бұл жағдай оның Neue Osnabrücker Zeitung газетіне берген сұхбатынан кейін туындаған жаппай наразылықтан кейін орын алды, деп хабарлайды Bild басылымы.

Хиллебранд сұхбатында экологиялық таза көлікке көшуді ынталандыру үшін бензин бағасын көтеру керектігін айтты. Оның пікірінше, адамдардың дизель және бензинмен жүретін көліктерден электромобильдерге көшуі үшін қатаң шаралар қабылдау қажет.

Оның бұл ұсынысы клуб мүшелері арасында өткір наразылық тудырды. Ресми мәлімет бойынша, соңғы төрт аптада 60 мыңға жуық мүше ADAC-тан шығып кеткен. Бұл жағдай ADAC тарихында сирек кездесетін ауқымды наразылық ретінде бағалануда.

Клуб басшылығы Хиллебрандтың пікірлері ұйымның көзқарасын көрсетпейтінін ресми түрде мәлімдеді. Олардың айтуынша, ADAC барлығына қолжетімді көліктің жақтаушысы болып қала береді және әлеуметтік әділдікті бұзатын кез келген қосымша қаржылық жүктемелерге қарсы.

ADAC сондай-ақ Хиллебрандтың шығуы көпшілік тарапынан "автомобильшілердің мүддесін қорғаудан бас тарту" ретінде қабылданғанын мойындады және бұл туралы тиісті қорытынды шығаруға уәде берді.

Ақпарат үшін, ADAC Германияда 22 миллионға жуық мүшесі бар ірі автоклуб болып табылады.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Әлем » Бензин бағасын көтеруді айтқан басшы отставкаға кетті