date

Келешек мұрасы сыйлығы тағайындалды

Келажак мероси мукофоти та'сис этилди
Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев халықаралық «Келажак мероси» сыйлығын тағайындау туралы қаулыға қол қойды. Бұл туралы Әділет министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Аталған сыйлық бойынша байқаулар биылдан бастап жыл сайын өткізіледі деп жоспарланған. Қатысушылар жеті бағыт бойынша сыйлық үшін бақ сынаса алады.

Бұл бағыттардың ішінде әдебиет, мәдени мұра, театр және кинематография сияқты салалар бар. Әрбір бағыт бойынша жеңімпаздарға 10 мың АҚШ доллары көлемінде сыйақы, сондай-ақ, диплом және статуэтка табысталады.

Сонымен қатар, биыл Бухарада биеннале шарасы өткізілуде. Осы мәдени шара аясында 70 жоба көрсетілуде.

Онда жергілікті және шетелдік мамандар қатысып жатыр. Көрмелер Хожа Гаукүшон ансамблі мен Бухараның басқа да тарихи көрнекі жерлерінде орналасқан.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Өзбекстан » Келешек мұрасы сыйлығы тағайындалды