
Қарақалпақстанның Хожели ауданында Жастар әлеуметтік-экономикалық орталығын құру жоспарлануда. Бұл туралы Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің қаулысына сілтеме жасап Әділет министрлігі хабарлады.
Орталық аумағында IT-университет ашу, технопарктер мен инновациялық қолдау топтарын іске қосу көзделген. Сондай-ақ, жастарға жұмыспен қамту мақсатында өндірістік кәсіпорындар құрылатын болады.
Республика Министрлер Кабинеті жанында мемлекеттік мекеме түрінде орталық дирекциясы құрылады. Бұдан бөлек, әлеуметтік сала нысандарын инвестордың мемлекеттік органдарға өтеусіз түрде тапсыруы қарастырылған.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз Тақырыпқа қатысты жаңалықтар