
2026 жылға арналған QS Asia University Rankings рейтингінде Қазақстанның 23 жоғары оқу орны орын алды. Аталмыш рейтингке сәйкес, Ташкент ирригация және ауыл шаруашылығын механикаландыру инженерлері институты ең жоғары нәтиже көрсетіп, Азияда 103-орынды 67,4 балмен иеленді.
Сонымен қатар, 200 үздіктің қатарына Мырза Ұлықбек атындағы Өзбекстан Ұлттық университеті 180-орынға, Ташкент мемлекеттік экономика университеті 274-орынға жайғасты. Ал 500 үздіктің қатарында Ташкент мемлекеттік техникалық университеті (301-орын) мен Самарқанд мемлекеттік университеті (307-орын) де бар.
Қалған жоғары оқу орындары, соның ішінде ақпараттық технологиялар университеттері, сондай-ақ Ферғана, Бұхара және Үргеніштегі өңірлік университеттер 550+ және 1300 аралығындағы орындарды иеленген. Рейтингтің абсолютті көшбасшысы тағы да Сингапур Ұлттық университеті (NUS) болды.
Сонымен бірге, үздік ондыққа Гонконг, Қытай және Оңтүстік Корея университеттері де кірді.
Өзбекстанның 23 жоғары оқу орны Азияның ең үздіктері қатарында
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз Тақырыпқа қатысты жаңалықтар