date

24 декабрь күні барлық аймақтарда ауа райы қандай болады?

24 декабрь күні барлық аймақтарда ауа райы қандай болады?

"Узгидромет" мәліметінше, 24 декабрь күні Өзбекстанның барлық аумақтарында ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады. Аспан құбылмалы, кей жерлерде тұман түсуі мүмкін.

Ташкент қаласында ауа райы ашық-ауыспалы болады, жауын-шашын күтілмейді. Түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін. Ауа температурасы түнде 1 градус суықтан 1 градус жылыға дейін, күндіз 6-8 градус жылы болады.

Ташкент облысында да жауын-шашын болмайды. Кей жерлерде тұман түсуі мүмкін. Ауа температурасы түнде 3 градус суықтан 2 градус жылыға дейін, күндіз 5-10 градус жылы болады.

Қарақалпақстан Республикасы мен Хорезм облысында ауа райы құбылмалы, жауын-шашынсыз болады. Кей жерлерде тұман түсуі мүмкін. Жел солтүстік-шығыстан 7-12 м/с жылдамдықпен соғады. Түнде 1-6 градус суық, күндіз 2-7 градус жылы.

Бұхара және Науаи облыстарында да жауын-шашын күтілмейді. Түнде ауа температурасы 3 градус суықтан 2 градус жылыға дейін, күндіз 7-12 градус жылы болады.

Сырдария, Жызақ және Самарқант облыстарында ауа райы ашық-құбылмалы болады. Кей жерлерде тұман түсуі мүмкін. Ауа температурасы түнде 3 градус суықтан 2 градус жылыға дейін, кей жерлерде 5-7 градус суық, күндіз 5-10 градус жылы болады.

Қашқадария және Сұрхандария облыстарында жауын-шашын күтілмейді. Түнде 2 градус суықтан 3 градус жылыға дейін, күндіз 7-12 градус жылы ауа сақталады.

Әндіжан, Наманган және Ферғана облыстарында ауа райы құбылмалы, жауын-шашынсыз болады. Кей жерлерде тұман түсуі мүмкін. Ауа температурасы түнде 2 градус суықтан 3 градус жылыға дейін, күндіз 3-8 градус жылы болады.

Тау бөктерінде және таулы аймақтарда күн ашық болады, жауын-шашын күтілмейді. Кей жерлерде тұман түсуі мүмкін. Түнде 8-13 градус суық, күндіз 0-5 градус суық сақталады.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Өзбекстан » 24 декабрь күні барлық аймақтарда ауа райы қандай болады?