date

Өзбекстанда туризм цифрландырылады


Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтың қаулысына сәйкес, 2026 жылғы 1 шілдеден бастап елде бірыңғай туризм платформасы мен мобильді қосымша іске қосылады. Бұл жүйе арқылы шетелдік қонақтар e-SIM қосып, өздерінің тұратын жерін автоматты түрде тіркей алады.

Жаңа платформа саяхат маршруттарын әзірлеу, көлік құралдарын таңдау және билеттерді сатып алу мүмкіндігін ұсынады. Сондай-ақ бірыңғай билет жүйесі енгізіліп, мұражайларға, мәдени нысандарға және түрлі іс-шараларға кіру мүмкіндігі беріледі.

2026 жылдың соңына дейін платформа жасанды интеллект және үлкен деректерді талдау жүйесімен толықтырылады. Сонымен қатар, демалыс үйлерін жалға алу рәсімін жеңілдету жоспарлануда.

Азаматтар барлық қажетті құжаттарды Салық қосымшасы арқылы рәсімдей алады.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Өзбекстан » Өзбекстанда туризм цифрландырылады