Ташкент ауасының сапасы жақсарып келеді

Экология бойынша арнайы комиссия төрағасы Азиз Абдухакимов елорда ауасының сапасын жақсарту бойынша алғашқы нәтижелер туралы хабарлады. Оның айтуынша, қабылданған қатаң шаралардың арқасында Ташкент ауасының сапасы біршама жақсарған.
"Бұл – алғашқы жеңіс! Біз мұнымен тоқтамаймыз", — деп мәлімдеді ол.
Сондай-ақ, Абдухакимов Ташкентте 30 жұмыс тобы құрылып, оларға 300-ден астам маман тартылғанын айтты. 24 қарашада Экология ұлттық комитеті, Бас прокуратура, Төтенше жағдайлар министрлігі, Ұлттық гвардия және Ішкі істер министрлігі мамандары қаланы аралап рейдтер жүргізе бастаған.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз