Өзбекстанда жер сілкінісі тіркелді

Бүгін, 7 февральда Өзбекстан аумағында жер сілкінісі болды. Бұл туралы Сейсмопрогностикалық мониторинг Республикалық орталығы хабарлады.
Айтуынша, жер сілкінісі сағат 20:22-де Наманган облысының Жаңақорған ауданында байқалған. Жер сілкінісінің ошағы Ташкенттен 206 км оңтүстік-шығыста орналасқан. Магнитудасы - 2,8, тереңдігі - 5 км. Эпицентр: Жаңақорған, Өзбекстан. Координаттары: 41,08 градус солтүстік ендік, 71,66 градус шығыс бойлық.
Өзбекстан аумағында сейсмикалық күш төмендегідей тіркелді:
-Наманган қаласында - 2-3 балл, 9 км.
-Наманган ауданында - 2 балл, 16 км.
-Чартак ауданында - 2 балл, 19 км.
“Zamin”-ді Telegram-нан оқыңыз!Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз